«Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 94 бұйрығы

 «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 94 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Републикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттердің сомасы ретінде айқындалады, мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖСТi= ЖСТнi +ЖСТнеi, мұндағы:

ЖСТі - i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы трансферттері;

ЖСТнi - і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы нысаналы трансферттері;

ЖСТнеі - і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттері»;

13-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ӘЭДБ-ның мұнайға қатысты емес секторының жалпы қосылған құн (бұдан әрі - ЖҚҚ) көлемінің негізінде республикалық бюджет пен астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін мынадай формула бойынша:»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖСТнi= (АНТқi- АНТкері) +АНТжi, мұндағы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.