«Алматы қаласы әкімдігінің «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №4/637 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 3/388 Қаулысы (күші жойылды)

Алматы қаласы әкімдігінің «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №4/637 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 3/388 Қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/581 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1046 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1236 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақтың 11) тармақшасындағы нүкте нүктелі үтірге ауыстырылсын;

1 тармақ келесі мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу»;»;

«13) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау».»;

осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес қоса берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерімен толықтырылсын;

жоғарыда аталған қаулымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламентіндегі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.