«Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 117 бұйрығы

«Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 117 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37312 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі) 74-бабының 6-тармағына, 113-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарын тарату кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қайта ұйымдастыру кезінде, оның ішінде жекелеген санаттағы салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салықтық міндеттемені орындау қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібі, сондай-ақ салық төлеушілерді салық төлеушілердің жекелеген санаттарына жатқызу шарттары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.