Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы
(2026.07.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2026.20.02. № 117 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі) 74-бабының 6-тармағына, 113-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2026.20.02. № 117 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарын тарату кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қайта ұйымдастыру кезінде, оның ішінде жекелеген санаттағы салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салықтық міндеттемені орындау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібі, сондай-ақ салық төлеушілерді салық төлеушілердің жекелеген санаттарына жатқызу шарттары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: