«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 496 Қаулысы

«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 496 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шекті аукциондық бағалар бекітілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша АҚШ долларымен және еуромен баламалары көрсетіліп, қосымша құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) есепке алынбай, теңгемен бекітіледі.»;

7-тармақтың екінші бөлігінің 9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8. Тіркелген пайданы (ТП) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

ТП = (CAPEX + NWC)* WACC, мұндағы:

ТП - тіркелген пайда (теңге);

CAPEX - ҚҚС есепке алынбай, қаржы моделіне (теңге) сәйкес жобаға жұмсалатын инвестициялық шығындардың шамасы;

NWC - таза айналым капиталы;

WACC - капиталдың орташа өлшенген мөлшерлемесі.

CAPEX мыналарды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.