Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 Қаулысы
(2025.14.07. берілген өзгерістермен)
2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 324-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидалары бекітілсін.
2. «Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 12 наурыздағы № 134 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.