«Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 317 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесіне 2016 жылғы 22 маусымда жарияланды) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) - «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалған, табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: