Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 772 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 3 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын осы тізбенің 3-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2026 жылғы 10 тамыздағы
№ 772 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 58 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9168 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: