Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 91-қ Қаулысы
(2024.02.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 156-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5599 тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйекте № 75 «Толқын» газетінде, 2016 жылы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Ж. Жұбановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арал ауданының әкімі | М. Уразбаев |
Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2022.28.04. № 50-қ Қаулысымен (2022 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.04. № 66-қ Қаулысымен (2024 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Арал ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 26 тамызы
№ 91-қ қаулысына қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері