«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 166 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 166 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы 3 сәуірдегі

№ 166 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

16-тармақтың 55) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«55) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;».

2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

16-тармақта:

орталық аппараттың функцияларында:

133) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«133) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;»;

ведомстволардың функцияларында:

198) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«198) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттiк қызметтерді көрсету;».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.