Қалдықтарды көму полигоны жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 295-Ө бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 249-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қалдықтарды көму полигоны жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілеу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Шияпұлы Әлиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.