ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) алименттерді (кəмелетке толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) алименттерді (кəмелетке толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;».
2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
18-бап «ортақ мүлікті бөлуге» деген сөздерден кейін «, кəмелетке толмаған балаларды тəрбиелеуге, білім беруге, тұрғылықты жеріне» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 155-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
2) 156-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның екінші абзацы «əлеуметтік төлемдерге» деген сөздерден кейін «, алименттерге (кəмелетке толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаға)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «туралы құқықтық актіні» деген сөздерден кейін «, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жəне осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уəкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе оны лицензиясынан айыру туралы құқықтық актісін» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 3) тармақша 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 241-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 252-1-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы «Салық органының» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеумен байланысты əрекеттерді қабылдау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 5) тармақша 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 253-баптың 5-1-бөлігі алып тасталсын.
4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексіне:
1) 107-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «эксаумақтық соттылықты» деген сөздерден кейін «талап қоюды берген кезде бір рет» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 136-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
4-тармағының 3) тармақша 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 143-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «шешіміне» деген сөзден кейін «, заңға тəуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармағының 4) тармақша 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 167-2-баптың екінші бөлігі «істі» деген сөзден кейін «сот отырысында талқылауға тағайындалған күнінен бастап» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Əділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
2-тармақ «(лауазымды адамға)» деген сөздерден кейін «, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, жеке сот орындаушысына» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «лауазымды адамы» деген сөздерден кейін «, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, жеке сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот орындаушыларының мəртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты мен міндеті
1. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты - сот төрелігін іске асыру кезінде қабылданған сот актілерін, өзге органдар мен уəкілетті тұлғалардың актілерін мəжбүрлеп орындату арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекет мүдделерін қалпына келтіру.
2. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі міндеті - атқарушылық құжаттарды мəжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды міндетті түрде жəне уақтылы қабылдау.»;
3) 10-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік «қаулысымен» деген сөзден кейін «, оның ішінде сот актісінің, прокурордың наразылығының немесе қаулысының негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «немесе прокурордың наразылығының» деген сөздер «, прокурордың наразылығының немесе қаулысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
4) 10-1-бапта:
1-тармақтағы «жиырма» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
6-тармағының 5) тармақша 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 11-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген атқарушылық құжаттарды, дереу орындалуға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 470-бабының үшінші бөлігіне немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабы екінші бөлігінің екінші абзацына сəйкес шығарылған атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін немесе өзге органдар мен уəкілетті тұлғалар осы құжаттарды шығарған, олардан үзінді көшірме берген не оларды берген кезден бастап бес жұмыс күнінен соң мəжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.»;
6) 16-баптың 1-тармағында:
«қатысуға» деген сөзден кейін «, атқарушылық əрекеттердің барысын аудио-, фото- жəне бейнетіркеп-белгілеу техникалық құралдарын пайдаланып тіркеп-белгілеуге» деген сөздермен толықтырылсын;
«бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен» деген сөздер «бітімгершілік келісімді немесе дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 19-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «бітімгершілік келісім» деген сөздерден кейін «немесе дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 20-баптың 2-тармағында:
6-тармағының 8) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
бірінші сөйлемдегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының» деген сөздер «сот əкімшілігі саласындағы уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «берушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса» деген сөздер «етушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, медиация рəсімін жүргізсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 23-бапта:
тақырып «не осындай іс жүргізудегі міндетті бейнетіркеп-белгілеу» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «қатысуымен» деген сөзден кейін «не міндетті бейнетіркеп-белгілеу арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «куəгерлер сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы» деген сөздер «сот орындаушысының бастамасы бойынша куəгерлер қатысуы не міндетті бейнетіркеп-белгілеу пайдаланылуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9 жəне 10-тармақтармен толықтырылсын:
10. Бейнетіркеп-белгілеу жүргізілетін атқарушылық əрекеттер басталар алдында сот орындаушысы атқарушылық əрекеттерге қатысушыларға бұл туралы хабарлайды.»;
10) 33-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «мерзімдік өндіріп алулар» деген сөздер «мерзімдік төлемдерді өндіріп алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 36-бапта:
1-тармақта:
екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы, баламен қарым-қатынас тəртібі туралы, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау мен олардың күшін жою туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сот орындаушысы Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізуге арналған мəліметтерді атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуы;
2) мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша берешектің болмауы;
3) борышкердің баламен қарым-қатынас тəртібі туралы атқарушылық құжаттың талаптарын орындауы (қатарынан екі жəне одан көп рет);
4) ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізудің аяқталуы;
5) атқарушылық құжат осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша қайтарылғаннан кейін оны осы Заңның 11-бабында көзделген мəжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімінің өтуі.
Сот орындаушысы осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізулер жөніндегі атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мəліметтерді алған кезде Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау үшін тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде уəкілетті органға жібереді.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»;
12) 37-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
4-тармақтың төртінші бөлігіндегі «, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, олар анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды жəне осы Заңға сəйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тəртібін түсіндіреді» деген сөздер алып тасталсын;
13) 39-бапта:
1-тармақтағы «Мерзімді өндіріп алу» деген сөздер «Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу, баламен қарым-қатынас тəртібі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «берілген уақыт кірмейді.» деген сөздер «берілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4) жəне 5) тармақшалармен толықтырылсын:
4) сот орындаушысының ұсынуын (өтінішхатын) сот қарауға қабылдаған;
5) сот орындаушысы борышкердің өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде оның жалақысына жəне өзге де кіріс түрлеріне өндіріп алуды қолданған уақыт кірмейді.»;
14) 42-баптың бірінші бөлігінде:
8) тармақша «уəкілетті орган» деген сөздерден кейін «борышкерге қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
9) жəне 9-1) тармақшалар «сот», «уəкілетті орган» деген сөздерден кейін «борышкерлер болып саналатын» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша «егер» деген сөзден кейін «борышкер болып саналатын» деген сөздермен толықтырылсын;
10-1) тармақша «режиміндегі» деген сөзден кейін «жəне борышкер болып саналатын» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 44-баптың 8) тармақшасындағы «тараптар медиация туралы шарт жасасқан» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізу тараптары бітімгершілік келісімді бекіту немесе медиация туралы шарт жасасу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінген» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 45-бапта:
тақырып жəне 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Борышкердің, борышкер болып саналатын заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) тұрған жері белгілі болған немесе борышкердің мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.»;
2-тармақта:
«Борышкерге» деген сөзден кейін «, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «Борышкерге» деген сөзден кейін «, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
17) 47-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
2-тармақтың екінші бөлігінде:
бірінші сөйлем «шараларының» деген сөзден кейін «, оның ішінде осы атқарушылық құжат бойынша басқа сот орындаушылары қабылдаған шаралардың» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі «орындалуын қамтамасыз ету» деген сөздер «мəжбүрлеп орындату» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 48-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы «жағдайларда» деген сөзден кейін «сот орындаушысының қаулысы не аумақтық органның қаулысы негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 52-бапта:
4-тармақта:
1) тармақшаның бірінші бөлігі «сот орындаушысына» деген сөздерден кейін «борышкердің басқа əкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жазасын өтеуі жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшаның бірінші бөлігі «құжатты» деген сөзден кейін «, борышкердің басқа атқарушы округтің аумағында жазасын өтеуі жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
20) 55-баптың 6-тармағы «Борышкердің» деген сөзден кейін «, борышкер болып саналатын заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 58-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
22) 59-баптың 4) тармақшасындағы «арызы бойынша жүргізіледі.» деген сөздер «арызы бойынша;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
23) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
6-тармағының 24) тармақша 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
24) 80-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші бөлікте орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Екі жəне одан көп қатысушы тең баға ұсынысын растаған жағдайда, электрондық аукцион оның жеңімпазы айқындалғанға дейін бағаны көтеру жағына көше отырып жалғастырылады.
Егер қатысушылардың ешқайсысы сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдау арқылы мүліктің құнын өзгертетін белгіленген қадамды қолдамаса, аукцион өткізілмеді деп танылады.»;
4-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер:
1) жеңімпаз сатып алынған мүліктің құнын белгіленген мерзімде төлемесе;
2) қатысушының электрондық аукционға қатысуға құқығы болмаса, электрондық аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасы қайтарылмайды.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Егер жеңімпаз деп танылған электрондық аукционға қатысушы сатып алынған мүлік үшін ақыны осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде төлемеген болса, алдыңғы баға ұсынысын растаған тұлға жеңімпаз болып танылады.
Егер алдыңғы баға ұсынысын растаған қатысушы мүлікті өзі ұсынған бағаға сатып алудан бас тартса, ұсыныс аукционның алдыңғы екі қатысушысына ретімен жіберіледі. Электрондық аукционға қатысушылар мүлікті ұсынылған бағаға сатып алудан бас тартқан жағдайда, электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады.»;
5-тармақтағы «екінші жəне үшінші бөліктерінде» деген сөздер «екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 25) тармақша 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
25) 84-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қатысушылар мүлікті ұсынылған бағаға сатып алудан бас тартса;»;
6-тармағының 26) тармақша 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
26) 85-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі «Электрондық» деген сөз «Мүліктің құнын көтеруге не төмендетуге арналған электрондық» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 93-баптың 1-тармағы «мүлкі болмаған» деген сөздерден кейін «не мүлкіне өндіріп алуды қолдану мүмкін болмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
28) 95-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
29) 98-баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
30) 100-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«100-бап. Борышкердің жұмыс орны мен кірістері туралы мəліметтер
Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе борышкер олардан кіріс алатын тұлғалар сот орындаушысы тағайындаған мерзімде борышкердің жұмыс орны мен кірістері, атқарушылық құжатқа сəйкес ұстап қалудың жүргiзiлгенi жəне борышкердiң ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп алуды қолдану бойынша өндіріп алынған соманың өндiрiп алушыға жiберiлгенi, сондай-ақ борышкердiң жұмыстан шығарылғаны туралы, егер бұл жөнінде өздерiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы анық мəлiметтерді ұсынуға мiндеттi.
Интернет-платформалардың жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларының операторлары, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар (букмекерлік кеңселер) сот орындаушысының сұрау салуы бойынша интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын борышкердің кірістері туралы анық мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Сот орындаушысының осы бапта көзделген талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
31) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын:
«102-1-бап. Өндіріп алушыға алименттерді аудару
Өндіріп алушы алименттерді аудару үшін алименттерді (кəмелетке толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттың деректемелерін сот орындаушысына ұсынады.»;
32) 106-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі «орындаушысы» деген сөзден кейін «өзі көрсеткен мерзімнен күнтізбелік он күн бұрын» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 108-бапта:
1-тармақтың бірінші жəне екінші бөліктеріндегі «əкімшілік-аумақтық бірлік шегінде», «өзінің əкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «есептейді, содан кейiн олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен» деген сөздер «есепке жатқызады, содан кейiн олар уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне мерзімдерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: