«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

34) мынадай мазмұндағы 109-1-баппен толықтырылсын:

«109-1-бап. Ақшаны басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу

Инкассолық өкім шығару арқылы өндіріп алынған ақшаны қоспағанда, өндіріп алынған ақшаны бөлер алдында сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы тексеру жолымен Қазақстан Республикасының аумағында борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізулердің болу-болмауын тексеруге міндетті.

Талаптары сот орындаушысының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжаттың талаптары алдында артықшылыққа ие атқарушылық іс жүргізулер не мұндай талаптардың осы Заңның 110, 111 жəне 112-баптарында көзделген бір кезектегі атқарушылық іс жүргізулерге жататыны анықталған жағдайда, ол сот орындаушыларына хабарлайды, атқарушылық құжаттың көшірмесін, берешектің қалдығы туралы мəліметтерді, өндіріп алынған ақшаны бөлу үшін банктік деректемелерді сұратады.

Сұрау салуды алған сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды (мəліметтерді) ұсына отырып, өндіріп алынған ақшаны бөлуге қосылуға құқылы.

Сот орындаушысы осы Заңға сəйкес оның талаптарын қанағаттандыру кезектілігінің тəртібін өндіріп алушыға түсіндіреді.

Өндіріліп алынған ақшаны өзге сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу, сондай-ақ олардың қызметіне ақы төлеуге арналған ақшаны бөлу уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүргізіледі.»;

6-тармағының 35) тармақша 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

35) 114-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Борышкер атқарушылық əрекеттер жасау шығыстарын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысына дау айту туралы талап қоюмен əкімшілік сотқа жүгінуге құқылы.

Борышкердің атқарушылық əрекеттер жасау шығыстарын өндіріп алуды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, олардың мөлшерін азайту немесе оларды өндіріп алудан босату туралы талап қоюмен сотқа жүгінуі азаматтық сот ісін жүргізу тəртібімен жүзеге асырылады.»;

36) 123-бапта:

4-тармақ «уəкілетті органның» деген сөздерден кейін «немесе оның аумақтық органының» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақтың бірінші бөлігінде:

бірінші абзац «лицензиясынан айырылған» деген сөздерден кейін «немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын;

1) тармақша «немесе жеке сот орындаушысын мүшеліктен шығару туралы Республикалық палатаның шешімі» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік « лицензиясынан айырылған » деген сөздерден кейін «немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармағының 37) тармақша 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

37) 124-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Борышкер сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулысына дау айту туралы талап қоюмен əкімшілік сотқа жүгінуге құқылы.

Борышкердің атқарушылық санкцияны өндіріп алуды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, оның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкцияны өндіріп алудан босату туралы талап қоюмен сотқа жүгінуі азаматтық сот ісін жүргізу тəртібімен жүзеге асырылады.»;

38) 126-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) атқарушылық əрекеттердің жасалу барысын аудио-, фото- жəне бейнетіркеп-белгілеу техникалық құралдарын пайдаланып тіркеп-белгілеуге;»;

2-тармақта:

3) тармақшадағы «арыздары мен өтiнiшхаттарын қарауға жəне олар бойынша қаулылар» деген сөздер «арыздарын, өтiнiшхаттарын қарауға жəне олар бойынша уəжді жауап ұсынуға, қажет болған кезде қаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1) үйден шығарып жіберумен, үйге қоныстандырумен, үйді сүрумен байланысты атқарушылық құжаттарды орындау кезінде, сондай-ақ тізімдеме жасау, үй-жайды қарап-тексеру, құқық белгілейтін құжаттар мен мүлікті алып қою, мүлікті беру, тұрғынжайды, үй-жайлар мен қоймаларды ашу кезінде аудио-, фото- жəне бейнетіркеп-белгілеуді жүргізуге;»;

39) 127-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«127-бап. Сот орындаушысының əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым жасау

Өндіріп алушы немесе борышкер мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі əрекетіне (əрекетсіздігіне) немесе осындай əрекеттер жасаудан бас тартуына шағымды уəкілетті органның аумақтық органына не оның бөлімдеріне бере алады.

Жеке сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі əрекетіне (əрекетсіздігіне) немесе осындай əрекеттер жасаудан бас тартуына шағым əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым жасалатын жеке сот орындаушысына не аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына берілуі мүмкін.

Уəкілетті органның аумақтық органының не жеке сот орындаушысының немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының шешімі алынғаннан кейін мемлекеттік не жеке сот орындаушысының əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының əкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.»;

40) 140-баптың 2-тармағында:

4) тармақшадағы «, əскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының» деген сөздер «немесе əскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақша «күшіне енген» деген сөздерден кейін «не уəкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімі шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармағының 41) тармақша 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

41) мынадай мазмұндағы 141-2-баппен толықтырылсын:

«141-2-бап. Жеке сот орындаушысын аттестаттау

1. Жеке сот орындаушысын аттестаттау Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы заңнамасын білу жəне практикада қолдану дағдыларының деңгейін бағалау мақсатында жүргізіледі.

2. Жеке сот орындаушысын аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі.

3. Жеке сот орындаушысын аттестаттау қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданады:

1) аттестатталды;

2) аттестатталған жоқ.

4. Аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушысы біліктілігін арттыруға жəне қайта аттестаттаудан өтуге жіберілуге тиіс.

Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды.

5. Аттестаттауға дəлелді себепсіз қайта келмеген не қайта аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушысы уəкілетті органның шешімі бойынша лицензиясынан айырылуға тиіс.»;

42) 142-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған не осы Заңның 144-бабына сəйкес жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылған адамдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе əскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан немесе арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен шығарылған адамдар жеке сот орындаушысы лицензиясын осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша алады.»;

43) 143-бапта:

2-тармақтың 6) тармақшасындағы «бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «бұзғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) жеке сот орындаушысы аумақтық органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуын қарамай қалдырғанда не онда көрсетiлген бұзушылықтарды жоюға қатысты шаралар қабылдамағанда, сол сияқты ұсынуға берілетін жауапты уақтылы ұсынбағанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.»;

8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уəкілетті органның шешіміне дау айту бұл шешімнің қолданысын тоқтата тұрмайды.»;

44) 144-бапта:

2-тармақта:

бірінші абзацта орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеке сот орындаушысы өз қызметіне ақы төлеу сомаларын уəкілетті орган белгілеген мөлшерден асыра өндіріп алған;»;

6-тармағының 44) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтарын 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

7) тармақшадағы «жіберген жағдайларда уəкілетті органның талап қоюы бойынша сот тəртібімен жүзеге асырылады.» деген сөздер «жіберген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) жəне 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«8) жеке сот орындаушысы қайта аттестаттаудан өтпеген;

9) жеке сот орындаушысы дəлелді себепсіз қайта аттестаттауға келмеген жағдайларда уəкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру туралы уəкілетті органның шешіміне дау айту бұл шешімнің қолданысын тоқтата тұрмайды.»;

45) 148-баптың 1-тармағында:

мынадай мазмұндағы 5-3) жəне 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«5-3) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде аумақтық органның не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сұрау салуы бойынша өндіріп алушылардың пайдасына өндіріліп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені, сондай-ақ ол бойынша түсініктерді ұсынуға;»;

«7-2) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша онда көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып, аумақтық орган белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аумақтық органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуын қарауға;»;

9-1) тармақшадағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;

46) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«153-бап. Жеке сот орындаушысының кеңсесі

1. Жеке сот орындаушысының кеңсесі - жеке сот орындаушысының өз қызметін жүзеге асыратын тұрақты орын болып саналатын қызметтік үй-жайы.

2. Жеке сот орындаушысының кеңсесі сот орындаушысы қызметін жүзеге асыратын атқарушы округтің аумағында орналасуға тиіс.

3. Жеке сот орындаушысы қызметтік үй-жайының тұрған жеріне жəне жабдықталуына қойылатын талаптарды уəкілетті орган белгілейді.

4. Жеке сот орындаушысы кеңсенің тұрған жері, мекенжайының өзгергені туралы бес жұмыс күні ішінде өңірлік жəне Республикалық палаталарға хабарлайды.»;

47) 153-1-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Республикалық палата» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

48) 156-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Мынадай адам:

заңда белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам;

заңда белгіленген тəртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам;

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам, осындай оқиғалар орын алғаннан кейін үш жыл бойы;

тағылымдамаға жіберілгенге дейін жəне жеке сот орындаушысының көмекшісі болып қабылданғанға дейін үш жыл ішінде əкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін əкімшілік жаза қолданылған адам;

мемлекеттік немесе əскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан немесе арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен шығарылған адам қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;

психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бойынша психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам жеке сот орындаушысының көмекшісі, тағылымдамашысы бола алмайды.»;

49) 163-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

50) 163-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Республикалық палатаның басқарма төрағасын сайлау баламалы негізде жүзеге асырылады.»;

51) 164-баптың 3-тармағында:

үшінші бөліктің 5) тармақшасы «шеңберінде» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Республикалық палата төрағасын сайлауды өткізудің күні мен уақыты туралы хабарлама сайлауды өткізу тағайындалған мерзімнен күнтізбелік он күн бұрын төралқа мүшелеріне жіберіледі.»;

52) 167-бапта:

2) тармақша алып тасталсын;

4-1) тармақша « органнан » деген сөзден кейін «Республикалық палата төралқасының құрамына» деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) осы Заңның 143-бабының 2-тармағында, 144-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдайды;»;

9) тармақша алып тасталсын;

11) тармақшада:

үшінші абзац алып тасталсын;

он бірінші абзацтағы «жүзеге асыру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;» деген сөздер «жүзеге асыру тəртібін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

«жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін;»;

53) 168-баптың 1-тармағында:

8) тармақша « лицензиясынан айырылған » деген сөздерден кейін «немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) жеке сот орындаушысын жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуды негіздер болған кезде жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасына не өңірлік палатасына, жеке сот орындаушысына енгізеді.»;

54) 169-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «жылына» деген сөз «үш жылда» деген сөздермен ауыстырылсын;

55) 170-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «тəртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады» деген сөздер «тəртібін уəкілетті органмен келісу бойынша Республикалық палата айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 27-бапта:

3-тармақтың 1) тармақшасындағы жəне 10-тармақтың үшінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «жəне еңбекке қабілетсіз кəмелетке толған балаларды», «жəне еңбекке жарамсыз кəмелетке толған балаларды» деген сөздер «балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақ:

екінші бөлік «əлеуметтік төлемдерді» деген сөздерден кейін «, алименттерді (кəмелетке толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны)» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөлік «лицензиясынан айырылған» деген сөздерден кейін «немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын;

12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Клиенттің банктік шотындағы ақшаға салынған тыйым клиенттің ақшасына тыйым салу құқығына ие тұлғаның ақшаға тыйым салу туралы бұрын өзі қабылдаған актінің күшін жою туралы тиісті жазбаша хабарламасы негізінде, тұлғалардың қаулылары негізінде жəне «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда не банктік шоттағы ақшаға бұрын салынған тыйымды орындау үшін ұсынылған инкассолық өкімді банк орындағаннан кейін алынады.»;

2) 29-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасындағы «жəне еңбекке жарамсыз кəмелетке толған балаларды» деген сөздер «балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақтағы «жəне еңбекке жарамсыз кəмелетке толған балаларды» деген сөздер «балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 35-бапта:

5-тармақта:

бірінші бөлікте:

«белгіленбесе,» деген сөз «белгіленбесе не жекелеген инкассолық өкімдермен өндіріп алынуға тиісті салықтар бойынша бересінің сомалары мен өсімпұл сомалары көрсетілген, жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының негізінде ақшаны өндіріп алу жүзеге асырылса,» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Бұл ретте инкассолық өкімдерде көрсетілген сомалар жиынтығында салық бұйрығында көрсетілген сомаға сəйкес келуге тиіс.»;

екінші бөлік 3) тармақшадағы «айқындалған жағдайларды қоспағанда, инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сəйкес келуге тиіс.» деген сөздер «айқындалған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының негізінде салықтар бойынша бересінің сомасы мен өсімпұл сомасын өндіріп алу жекелеген инкассолық өкімдер арқылы жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сəйкес келуге тиіс.»;

4) 46-баптың 7-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1) алименттерді (кəмелетке толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотқа қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы жəне (немесе) инкассолық өкім ұсынылған жағдайларда;»;

5) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Аумақтық əділет органының немесе лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының инкассолық өкімін кері қайтарып алуды «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен аумақтық əділет органы немесе атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы жүзеге асырады.».

8. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 61-баптың 10-тармағының 3) тармақшасындағы «толмағандарды жəне еңбекке жарамсыз кəмелетке толған балаларды» деген сөздер «толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 70-баптың 1-тармағында:

екінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) алименттерді (кəмелетке толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;

төртінші жəне оныншы бөліктер «лицензиясынан айырылған» деген сөздерден кейін «немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) жəне 5) тармақшаларын, 4-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларын, 6-тармағының 5) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 35) жəне 37) тармақшаларын;

2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 24), 25), 26) жəне 41) тармақшаларын, 44) тармақшасының алтыншы, жетінші жəне сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 маусым

№ 325-VIII ҚРЗ