Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 Қаулысы
(2017.13.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 905 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бес, оның iшінде бiр бiрiнші орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне берiле отырып таратылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының