«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 4-қосымша) (2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.25.12. № 650 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.13.12. № 684 бұйрығымен 5-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 13 сәуірдегі

№ 198 бұйрығына 4-қосымша

 

 

 

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру

ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.22.04. № 159 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тару. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.22.04. № 159 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде - 5 (бес) жұмыс күні.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.