Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 213 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 174-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылытүсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. «Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiңсақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылытүсуін, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуғажататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1612 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 203-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік онкүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.