«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 57 бұйрығы (күші жойылды)

 «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 57 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025.17.09. № 506 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16525 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 152-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.