Сандықтау аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 шілдедегі № 22/4 шешімі
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Г. Кадырова |
«Сандыктау аудандық мәслихатының
аппараты» ММ 2022 жылғы
28 шілдедегі № 22/4
шешіміне қосымша
Сандықтау аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 18/11 «Сот шешімімен Сандықтау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6566 болып тіркелген) шешімі;