Суды және (немесе) сарқынды суларды есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 337 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Су кодексі 107-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Суды және (немесе) сарқынды суларды есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есептеу қағидалары бекітілсін.
2. «Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2025 жылғы 13 маусымдағы № 208 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 19 маусымдағы № 36304 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.