Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 754 қаулысымен

бекітілген

 

 

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері/лизинг компанияларының қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

1) кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизинг компаниялары берген кредиттері/микрокредиттері/ қаржылық лизинг шарттары;

2) кәсіпкерлердің «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

3. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналым қаражатын толықтыру - кәсіпкер кредитінің кәсіпкердің мәлімделген қызметімен байланысты әрі салықтық міндеттемелерді, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуге арналмаған нысаналы мақсаты;

2) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекетті іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

3) арнайы қаржы компаниясы - «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылатын, оның пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.