«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-400 қаулысы (2016.05.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-400 Қаулысы

(2016.05.02. берілген өзгерістермен)

 

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Мадияр Жуанышпекович Оразалиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.

3. «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мадияр Жуанышпекович Оразалиевке осы қаулының ресми жариялауын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы «Талдықорған» газетінде жүзеге асырсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі

Е. Алпысов

 

Талдықорған қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 8 мамырдағы

№ 11-400 қаулысымен бекітілген

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.