Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығы
(2025.29.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.02.08. № 245 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.29.04. № 87 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.16.09. № 471 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.04. № 99 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бюджеттік бағдарламасының бекітілген тиісті кіші бағдарламасында айқындалған көлемде жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;