(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СТРАТЕГИЯЛЫҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЖАЙЛАРЫ МЕН ГИДР...

Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 Қаулысы

 

Осы редакция 2026 ж. 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Су кодексi 14-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесі айқындалсын.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 23 тамыздағы

 № 671 қаулысына

1-қосымша

 

 

Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың

 тізбесі

 

1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар:

1) Сырдария өзенiндегi Шардара су қоймасы;

2) Ертiс өзенiндегi Бұқтырма су қоймасы;

3) Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы;

4) Ертіс өзеніндегі Шүлбі су қоймасы;

5) Есiл өзенiндегi Астана су қоймасы;

6) Есiл өзенiндегі Сергеев су қоймасы;

7) Есiл өзенiндегi Петропавл су қоймасы;

8) Іле өзенiндегi Қапшағай су қоймасы;

9) Шелек өзенiндегi Бартоғай су қоймасы;

10) Сiлетi өзенiндегi Сілеті су қоймасы;

11) Қоянды өзенiндегi Қоянды су қоймасы;

12) Елек өзенiндегi Ақтөбе су қоймасы;

13) Қарғалы өзенiндегi Қарғалы су қоймасы;

14) Сазды өзенiндегi Сазды су қоймасы;

15) Үйдене өзенiндегi Үйдене су қоймасы;

16) Қандысу өзенiндегi Қандысу су қоймасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.