«Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № а-4/189 Қаулысы

Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № а-4/189 Қаулысы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі

Е. Маржикпаев

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2020 жылғы 8 сәуірдегі

№ а-4/189 қаулысына

қосымша

 

 

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

 

1. Ақмола облысы әкімдігінің «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 3 шілдедегі № А-7/321 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4936 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2. Ақмола облысы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/348 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4960 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.