«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы №328 қаулысымен бекітілген) (2019.30.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 120 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.30.07. № 184 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 21 қазандағы

 № 328 қаулысымен

бекітілген

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 125 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.30.07. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық - санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандар мен Орал қаласының жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді) бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық - санитариялық қорытынды беру туралы» стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) аудандар мен Орал қаласының жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

2) www.egov.kz,www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.