Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 184 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 125 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4152 тіркелген, 2016 жылдың 26 қаңтарында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық -санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: