«Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 7-қосымша) (2019.10.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.20.02. № 90 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.10.06. № 230 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 355 бұйрығына

7-қосымша

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.10.06. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11052 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жай-күйі (топырақтың мелиорациялық жай-күйі, бонитет балы, азықтық алқаптардың дақылдық-техникалық жай-күйі) туралы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтер не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап болып табылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

 (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.