Өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1-1/1133 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 92 бұйрығымен күші жойылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Занының 6-бабы 1-тармағының 41-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.