«Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 166 бұйрығы

 «Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 166 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жыл сайын барлық шаруашылықтарда, олардың меншік және шаруашылық нысандарына қарамастан, тамыз айынан қазан айына дейін (аймаққа және жануарлардың жай-күйіне байланысты) жүргізіледі.

«Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген) сәйкес тиісті республикалық палата берген асыл тұқымды жануар мәртебесі бар өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара мал бонитирлеуге жатады.

Асыл тұқымды жануар мәртебесі жоқ ірі қара мал иелерінің қалауы бойынша бонитирленеді.

Алты айға дейінгі төлдер, бордақыдағы жануарлар, өгіздер және піштірілген жануарлар бонитирлеуге жатпайды.

Бонитирлеу кезінде алты айға толмаған жас төлдерді әрі қарай асыл тұқымдық мақсатта өткізу кезінде бонитирлеуге жол беріледі.»;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықта:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Бонитирлеу нәтижелерін бонитер (сыныптаушы) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына енгізеді және электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.