«Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 342 бұйрығы

 «Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 342 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13561 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ 94) және 95) тармақшалармен мынадай редакциядағы толықтырылсын:

«94) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру туралы куәландыру жазбасы;

95) қағаз жеткізгіште нотариус дайындаған құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру туралы куәландыру жазбасы.

осы бұйрыққа 1, 2 - қосымшаларға сәйкес 94, 95-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2021 жылғы 28 сәуірдегі

№ 342 бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2016 жылғы 29 ақпандағы

№ 104 бұйрығына

94-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.