Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 19 қазандағы № 4 бұйрығы
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 4 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | А. Иргалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі төрағасының 2022 жылғы 19 қазандағы
№ 4 бұйрығымен
бекітілген
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер