Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса берілген тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.