Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 4 мамырдағы № 266 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 259 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.