«Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 316-н/қ бұйрығы

 «Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 316-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37926 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.