«Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 336 Қаулысы (күші жойылды)

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 336 Қаулысы

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 99 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының 5 бабының 7) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.