«Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 2 қазандағы № 229/28-VIII шешімі

Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 2 қазандағы № 229/28-VIII шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1125 болып тіркелген) шешімінің;

2) Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 200/24-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1146 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана қаласы мәслихатының

2024 жылғы 2 қазандағы

№ 229/28-VIII шешіміне

қосымша

 

 

Астана қаласының аумағын абаттандыру

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелерө

 

1. Осы Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.