«Ремедиация бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 154-п бұйрығы

Ремедиация бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 154-п бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 139-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ремедиация бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиги ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиги ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиги ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылган күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи

ресурстар министрінің

2022 жылғы 6 мамырдағы

№ 154-Ө бұйрығымен бекітілген

 

 

Ремедиация бағдарламасын әзірлеу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

 

1. Осы ремедиация бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 139-бабына (бұдан әрі - ҚР ЭК) сәйкес әзірленді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган келісуі бойынша экологиялық залалдың сипатына, сондай-ақ экологиялық залал келтірілген табиғи ресурстардың құрамдасына байланысты ремедиациялау жөніндегі іс-шаралардың мазмұнын, мерзімдерін, іс-шараларын айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.