«Азаматтық қорғау саласындағы инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдар ең төменгі стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Азаматтық қорғау саласындағы инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдар ең төменгі стандарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдардың ең төменгі стандарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

К. Тұрсынбаев

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

2025 жылғы 30 сәуірдегі

№ 169 бұйрығына қосымша

 

 

Азаматтық қорғау саласындағы инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдардың

 ең төменгі стандарттары


1- тарау. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы азаматтық қорғау саласындағы инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдардың ең төменгі стандарттары (бұдан әрі - ең төменгі стандарттар) Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Азаматтық қорғау саласындағы ең төменгі стандарттарды әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.

3. Ең төменгі стандарттарды қолдану саласы: азаматтық қорғау саласындағы ең төменгі стандарттар бюджетті жоспарлау және орындау кезінде пайдаланылатын болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.