«Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 871 Қаулысы (күші жойылды)

Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 871 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды

 

Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар, Ұлытау облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 4 қарашадағы

№ 871 қаулысымен

бекітілген

Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың

2022 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары

 

Кіріспе

 

Ұлытау облысы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығымен құрылды.

Ұлытау облысының экономикасын өнеркәсіп айқындайды, оның даму деңгейі облыстың әлеуметтік-экономикалық жай-күйі мен тұрақты әлеуметтік климатының басты индикаторы болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.