«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 32 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 32 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

16-1-тармақ алып тасталынсын;

21-тармақ алып тасталынсын;

26-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26-2. Өтпелі кезең – жинақ портфелінің активтерін жаңа нысаналы стратегиялық бөлуге көшіру жүзеге асырылатын кезең.»;

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«52. Активтік басқарудағы акциялар портфелі үшін эталондық портфель Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын мамандандырылған индекс - MSCI World ex Sweden Index болып табылады.

Пассивтік басқарудағы акциялар портфелі үшін эталондық портфель келесі индекстерді қамтиды:

MSCI World ex Sweden Index – 100 (бір жүз) пайызға дейін;

MSCI World ex Sweden Minimum Volatility Index – 10 (он) пайызға дейін;

MSCI World ex Sweden Quality Index – 20 (жиырма) пайызға дейін;

MSCI World ex Sweden ESG Leaders Index – 20 (жиырма) пайызға дейін.

Күн сайын есептелетін кірістілік көрсеткіші салықтарды есепке алмағанда, дивидендтерді қайта инвестициялауды есепке ала отырып, индекс кірістілігі болып табылады.»;

55-1-тармақ және 55-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55-1. Акциялар портфелінің нарықтық құнының кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.