Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығы
(2025.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.24.04. № 280 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.24.04. № 280 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына, «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-4-бабы 4-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.24.04. № 280 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;