«Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығы

 «Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына, «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-4-бабы 4-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.