(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТА...

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 16 ақпандағы № 51 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа:

1) 1-қосымшаға сәйкес Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары;

2) 2-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің м.а.

2023 жылғы 16 ақпандағы

№ 51 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.