Сәйкестікті растау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 710 бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті растау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.