Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
2. Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.