«Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 511 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 260 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке кабылдау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке кабылдау ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Осы Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленген және Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдаудың тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: