Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке кабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығы
(2016.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 260 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.28.09. № 511 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2016.28.09. № 511 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.