Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығы
(2018.15.05. берілген өзгерістермен)
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлкеттік тіркеудін өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.