Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 165 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік меншіктің құпия объетілерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.