«Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 196/НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 196/НҚ бұйрығы

 

«Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Жасанды интеллект және цифрлық

даму министрі

 

 

 

Ж. Мадиев

 

Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің орынбасары -

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрі

2026 жылғы 10 сәуірдегі

№ 196/НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.